• Главная
  • Өрт қауіпсіздігі саласындағы рұқсат беру құжаттар саны 15 есеге қысқарған – ҚР ІІМ ТЖК
4 марта, 2015 10:04

Өрт қауіпсіздігі саласындағы рұқсат беру құжаттар саны 15 есеге қысқарған – ҚР ІІМ ТЖК

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «ҚР ІІМ ТЖ комитетінің шағын және орта бизнеске әкімшілік қысымды азайту және кәсіпкерлердің құқықтық сауаттығын арттыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлады ведомство.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы рұқсат беру құжаттар саны 15 есеге қысқарған – ҚР ІІМ ТЖК

2010 жылдан бастап мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары беретін рұқсат беру құжатардың 74-нен 69-ы қысқартылған. Осылайша, өрт қауіпсіздігі саласындағы рұқсат беру құжаттар саны 15 ретке қысқарған. Кәсіпкерлердің қызметтің 21 лицензияланатын түрлерінен 20-ы бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қорытындыларын алу қажеттілігі алынып тасталды.

Мысалы, қазіргі уақытта кәсіпкерлерге алкоголь өнімінің өндірісіне, оны көтермелеп және жеке іске асыруға, фармацевтикалық және медициналық қызметке, білім беру қызметіне, жолаушыларды тасымалдауға, ойын бизнесін ұйымдастыруға және т.б. лицензия алу үшін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан қорытынды алу қажет емес. Осы шаралар 2010 жылмен салыстырғанда 2014 жылы кәсіпкерлердің бастамашылық өтініштерінің 10 есе қысқаруына алып келді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау саласындағы заңнамасымен тексерулерді ұйымдастыру мәселелерінде тексерілетін субъектілер үшін бейтарап жағдайлар жасайтын ережелер көзделген және негізсіз және кенеттен тексерулерді жүргізу алынып тасталды. Комитет кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Мәселен, мораторий кезеңінде шағын және орта бизнестің субъектілерін тексеруге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауы үшін жағдайларды төмендету бөлігінде өз қызметін насихаттау мәселері бойынша кәсіпкерлермен түсіндіру және үгіт жұмысын күшейтті.

Осылайша, 2014 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол қойылған меморандум ынтымақтастықты осы мәселеде сапалы жаңа деңгейге ауыстыру үшін құқықтық негізді қалайды. Бұл кәсіпкеркерлердің құқықтарын қорғау ісінде мемлекеттік орган мен кәсіпкерлер бірлестіктерінің өзара іс-қимылының көрнекі мысалы.

Кәсіпкерлер барлық қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми сайтынан таба алатынын атап өту қажет.