- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында 2015 жылы балабақшаларда 2 мыңға жуық орын ашылады
Қарағанды облысында 2015 жылы балабақшаларда 2 мыңға жуық орын ашылады
4 Наурыз, 2015 09:48
Қарағанды облысында 2015 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде 2 мыңға жуық орын ашу жоспарлануда, деп хабарлады білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бақытгүл Әдекенова аппарат отырысында.
Ол атап өткендей, «Балапан» бағдарламасы іске қосылғаннан бері 3-6 жас аралығындағы балаларды біліммен қамту 11,6 %-ға артқаны мәлімделді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері 389-дан 509-ға дейін артқан.Ал, балабақшамен қамтылған балалар саны 52,4 мыңға жетті.
«2014 жылдың соңында 1-6 жас аралығындағы балаларды біліммен қамту 87%, 3-6 жас аралығындағы балалардың біліммен қамтылуы – 98%-ды көрсеткен. Сонымен қатар кезекте тұрған балалар саны да жетерлік. Олар – 28 567 бала», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, жыл соңына дейін Жезқазған және Балқаш қалаларында 2 балабақша салу, ал, Қарағандыда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа балабақша салу жоспарланған.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды