• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қолданыстағы Конституцияны жасақтау мен қабылдауда Н.Назарбаев шешуші рөл атқарды – сарапшы (ВИДЕО)

Қолданыстағы Конституцияны жасақтау мен қабылдауда Н.Назарбаев шешуші рөл атқарды – сарапшы (ВИДЕО)

4 Наурыз, 2015 15:39
Қолданыстағы Конституцияны жасақтау мен қабылдауда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шешуші рөл атқарды. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Тұңғыш Президентінің музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Каипова хабарлады.

«Қазақстан Республикасының конституциялық ревалюциясы мен Н.Назарбаевтың оны жасақтаудағы ролін айтпай кетуге болмас. Тәуелсіздіктің өзі және мемлекетіміздің нығаюы тікелей тарихи тұлға Президентпен байланысты. Президенттің бастамалары туралы айтатын болсақ, біз 2015 жылы тамыз айында 20-жылдығын атап өткелі отырған қолданыстағы Конституцияны 1993 жылы жасақтауда және қабылдауда Н.Ә.Назарбаевтың шешуші ұйымдастырушылық роль атқарғанын жоққа шығара алмаймыз», - деп мәлімдеді ол.

Осы ретте, Б. Каипова атап өткендей, бүгінгі таңда билік өкілдері арасында өкілеттілікті бөліп беру жолында да Ұлткөшбасшысының көрегендігі байқалады.

«Басты заңның тағдырына қатысты шешім қабылдау, жұмыс тобын құру, ұсыныстарды қабылдау, кемшіліктерді түзету, жарияланған референдумға қатысты жауапкершілік Президенттің кез-келген жағдайда ел мүддесі үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін көрсетеді. Бұл стратегиялық көрегендіктің ғана емес, сонымен қатар Мемлекет басшысының халқының алдында үлкен жауапкершілікпен мемлекеттің іргетасы болатын құжатпен жұмыс істейтінін көрсетеді», - деп түйді Б. Каипова.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар