- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Назарбаев Университетіндегі зерттеу орталығы мен технопаркінің жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Назарбаев Университетіндегі зерттеу орталығы мен технопаркінің жұмысымен танысты
Нысанды аралау барысында Мемлекет басшысы елеулі жетістіктермен және университетте жүзеге асырылып жатқан ғылыми-инновациялық қызметтің нәтижелерімен танысты.
Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа геномдық зертхана және персоналды медицина жұмысы көрсетілді. Қазақстан Президенті сондай-ақ биосенсорлар мен биоқұралдар, ағысты цитометриялар, иммунобиология және микроскопия зертханаларын аралап көрді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы NURIS технопаркінде университеттің оқытушылары мен студенттері әзірлеген жоғары технологиялы жобаларымен танысты.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми қызметкерлердің атқарған жұмысына жоғары баға берді. Қазақстан Президенті сондай-ақ «NURIS» және Өмір туралы ғылымдар орталығы ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелері еліміздің игілігіне, оның дамуы мен халқын сауықтыру үшін тиімді пайдаланылуы тиіс екенін атап өтті.
Айта кетерлік жайт, бүгінде Назарбаев Университетінде оқу орнының академиялық бөлігін, ғылыми орталықтарды және NURIS ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жүйесін біріктіретін зияткерлік-инновациялық кластер жүзеге асырылуда.
Университет базасында үш ғылыми орталық құрылған: Энергетикалық зерттеулер орталығы, Пәнаралық орталық және Өмір туралы ғылымдар орталығы, оларда мектеп профессорлары және 160-тан астам ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың көпшілігі шетелдік үздік университеттерде білім алған. Арасында халықаралық деңгейдегі жетекші ғалымдар мен шет елдерден оралған қазақстандық зерттеушілер де бар.
Ғылыми орталықтарда энергетика, машина жасау, шикізатты терең өңдеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өмір туралы ғылым сияқты ел үшін басымдығы бар бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіледі. Мәселен, болашақтың энергиясын дамыту жобалары үшін әлемге әйгілі ғалым-астрофизик, космолог, Нобель сыйлығының лауреаты Д.Смут шақырылған.
Университеттің ғылыми орталықтары өз бағдарламаларын АҚШ-тың, Еуропаның, Жапонияның танымал ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықта жүзеге асырады. Университетте барлығы 170 ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар іскер асырылуда, оларға студенттер де белсене қатысады
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері