Жария ету аясында Қазақстан экономикасына 2,9 млрд теңге инвестицияланды

3 Наурыз, 2015 18:51
Қазақстанда 2015 жылдың 2 наурызындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 91,2 млрд. теңгенің 14 803 объектісі жария етілді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.

ҚР аумағындағы мүліктерді жария ету бойынша жерлікті атқарушы органдарының жанындағы комиссияларға жалпы сомасы 198,3 млрд. теңгенің мүлкін жария етуге 23 047 өтініші келіп түсті:

143,5 млрд.  теңге сомасында 18 837 тұрғын үй объектісі; 53,3  млрд. теңге сомасында 10 145 тұрғын үй емес объектілері, оның ішінде 35,3 млрд. теңге сомасында 2 372 коммерциялық объектілер; 
0,7 млрд. теңге сомасында заңды тұлғаларға қатысудың 14 үлесі және 0,8 млрд. теңге сомасында бағалы қағаздар.

Мемлекеттік кірістер органдарына ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүліктерді жария ету бойынша 215,9 млн.теңге сомасында 6  өтініш келіп түсті:  211,4 млн.  теңге сомасында 3 тұрғын үй объектісі; 1,5 млн. теңге сомасында 1 тұрғын үй емес объектілері, оның ішінде 1,5 млн. теңге сомасында 1 коммерциялық объектілер және 3,0 млн. теңге сомасында  заңды тұлғаларға қатысудың 2 үлесі. Айта кетерлік жайт, 110,1 млн. теңге сомасындағы 3 объект жария етілді.

 «2015 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша ҚР ҰБ есебіндегі деректер бойынша екінші деңгейдегі банктерде жалпы сомасы 10,9 млрд. теңгеге ақшаны жария ету үшін 69 жинақтау шоты ашылған, олардың ішінен жинақтау шотынан ақшаны жария еткені үшін бюджетке 428,2 млн.теңге сомасында алымды төлей отырып, 3,9 млрд. теңге алынған. ҚР экономикасына 2,9 млрд. теңге инвестиция салынды», - делінген хабарламада.

1-Н есебіндегі деректер бойынша 2015 жылғы 2 наурыздағы жағдай бойынша 206110 «Мүлікті жария еткені үшін алым» коды бойынша бюджетке жария ету бойынша акцияның басынан бастап іс жүзінде 461,1 млн. теңге түсті.

Барлық жаңалықтар