- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Елшісі Уругвай Президентіне Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыс етті
ҚР Елшісі Уругвай Президентіне Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыс етті
ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, іс-шара болмыш елдің басшылығы мен парламентарийлердің, сондай-ақ, жоғары деңгейдегі шетелдік қонақтардың, соның ішінде, Бразилия Президенті Д. Руссефф, бұрынғы Испан Королі Хуан Карлос I, Куба, Парагвай, Чили және басқа да мемлекет басшыларының қатысуымен Уругвай Бас Ассамблеясы «Palacio Legislativo» (Заңнама сарайы) ғимаратында өткізілді.
Ұлықтау іс-шарасы шеңберінде Б. Ордабаев Уругвай Президенті Т.Васкеспен протоколдық кездесу өткізді. Қазақстандық дипломат Елбасы Н. Назарбаевтың Уругвай Президентінің сайлауда жеңіске жетуіне орай жолдаған құттықтау хатын табыс етті.
Б.Ордабаев Уругвай Үкіметіне 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Тұрақты емес мүшесі болуына Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдағаны үшін зор ризашылығын білдіре отырып, үстіміздегі жылы Қазақстанда жоспарланып отырған Қазақ хандығының 550-жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20-жылдығы, ҚР Конституциясының 20-жылдығы, Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің V Съезі сияқты және басқа да маңызды іс-шаралар жайлы хабардар етті.
Т. Васкес Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың құттықтау хатына алғысын білдіре отырып, Елбасына зор денсаулық және жақсылықтар, ал Қазақстан халқына одан әрі өркендеуіне, гүлдене беруіне өз тілектестігін білдірді. Ол Қазақстан мен Уругвай арасында жылы, достастық рухта қалыптасқан қатынастар одан әрі жалғастырылатынғына сендірді.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат ұлықтау рәсімі шеңберінде жаңадан тағайындалған Уругвай Сыртқы істер министрі Родольфо Нин Новоамен және бұрынғы Сыртқы істер министрі Луис Альмагро Лемеспен кездесулер өткізді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары