• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астаналық әуежай азаматтарды қабылдау көлемін мерзімінен бұрын кеңейтті - Қ.Жауханов (ФОТО)

Астаналық әуежай азаматтарды қабылдау көлемін мерзімінен бұрын кеңейтті - Қ.Жауханов (ФОТО)

3 Наурыз, 2015 16:32
Астана әуежайы азаматтарды өткізу көлемін 2020 жылы айтарлықтай кеңейтуі қажет болатын. Алайда бұл шара 2014 жылдың өзінде жүзеге асып, осы уақытта әуежай арқылы жылына 3 миллион адам қатынайтын болды, деді «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қайрат Жауханов Орталық коммуникациялар қызметінде.

«Расын айтқанда, алғашында әуежайды жобалаушылар Астана әуежайының өткізу мүмкіндігі 2020 жылы 3 миллионға жетеді деген болатын. Қазір 2015 жылдың басы, ал біз 2014 жылдың соңында-ақ бұл межені бағындырып үлгердік»,-деді ол.

 Қ.Жаухановтың айтуынша, Астана әуежайы бүгінгі күнде жолаушыларды қабылдау көлемінен Қазақстан бойынша екнші орында тұр. «Астана әуежайы 15 ішкі 19 халықаралық бағытта қызмет көрсететін 16 әуе компаниясымен жұмыс істейді. Жолаушылар көлемі жыл сайын 11-12 пайызға ұлғайып отыр. 2010 жылы жолаушылар ағыны 1 миллион 600 мың адамды құраса, 2014 жылы ол 3 миллионға, яғни өзінің шарықтау шегіне жетті»,-дейді басқарма төрағасы.        

Бұған қоса қазіргі таңда елорда әуежайында тәулігіне 160 рейс жасалады. Жолаушылар саны 2 есеге артса, әуежайдың қабылдау мүмкіндігі де 2 есеге артады. «Жолаушылар санынынң артуына келетін болса, бұған себеп болып отырған мәселе жаңа бағыттардың көптеп ашылуы. Сонымен қатар Алматы, Шымкент, Атырау сияқты бағыттар да ұлғайып, терминалда жолаушылардың күту алаңдары кеңейтілді. Осы уақытта азаматтардың кезек күтуін реттеу үшін арнайы ленталар қойылды», -дейді Қ.Жауханов.  

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар