• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан делегациясы Жоғары қаржы бақылау органдары халықаралық ұйымының 23-ші симпозиумының жұмысына қатысуда

Қазақстан делегациясы Жоғары қаржы бақылау органдары халықаралық ұйымының 23-ші симпозиумының жұмысына қатысуда

3 Наурыз, 2015 16:19
Осы жылдың 2-4 наурыз аралығында БҰҰ Венадағы бөлімшесінде Жоғары қаржы бақылау органдарының халықаралық ұйымының (ИНТОСАИ) "2015 жылдан кейінгі кезеңде БҰҰ-ның дамуы бойынша күн тәртібі: жоғары қаржы бақылау органдарының орнықты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі мен іске асыру құралдары" тақырыбына арналған 23-ші симпозиум өтуде.

Іс-шараны Аустрияның федералды президенті Хайнц Фишер ашты. БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ву Хонгбо, БҰҰ Бас хатшысының ішкі аудит қызметі жөніндегі орынбасары Карман Лапоинте және ИНТОСАИ Бас хатшысы Джозеф Мозер симпозиум қатысушыларына құттықтау сөздерін айтты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Симпозиумға Қазақстан Республикасының Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин бастаған делегация қатысуда. Басқа елдердің жоғары қаржы бақылау органдарының басшылармен екі жақты ынтымақтастықты талқылау мақсатында симпозиум шеңберінде Қ.Жаңбыршинның бір қатар екі жақты кездесулері орын алды.

Симпозиум қатысушылары жоғары қаржы бақылау органдарының (ЖҚБО) орнықты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі мен 2015 жылдан кейінгі кезеңде БҰҰ-ның даму бойынша күн тәртібіне ЖҚБО-ның қосатын үлесін талқылады. Конференция нәтижесінде орнықты дамуды қамтамасыз ету саласында жоғары қаржы бақылау органдарының рөлін арттыру бойынша тиісті ұсыныстар қабылданады.

ИНТОСАИ - БҰҰ-ның мүше мемлекеттерінің ЖҚБО біріктіретін, жоғары қаржы бақылау органдарының халықаралық ұйымы. INTOSAI 1953 жылы құрылған болатын. Құрамына әлемнің 191 елінің ЖҚБО кіреді; сондай-ақ 4 ЖҚБО ұйымның қауымдасқан мүшелері болып саналады. ҚР Есеп комитеті 2000 жылғы мамырдан бастап INTOSAI-дың мүшеcі.

Барлық жаңалықтар