• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді қолдаушы жастар флешмоб өткізді (Фото)

ШҚО-да кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді қолдаушы жастар флешмоб өткізді (Фото)

3 Наурыз, 2015 17:04
ҚР кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын қолдаған семейлік жастар «Біз сайлау үшін», «Сайлау 2015» ұранымен флешмоб өткізді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын қолдаған семейлік жастар флешмоб өткізіп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда азаматтық ұстанымын осылай білдірді.

Шараға қатысқан 120 белсенді студентті Қазақстан студенттері Альянсының жетекшілері қарсы алды.

«Біз Қазақстанның жас ұрпағы ретінде бейбітшілігі жарасқан бірегей дәуірде өмір сүріп келеміз. Біздің оқып, еңбектенуіміз үшін барлық мүмкіндіктердің жолы ашық. Біз өркендеген еліміздің даму жолының бағытын, кезектен тыс сайлауы өткізу туралы Ассамблеяның бастамасын қолдаймыз. Біз азат елдің жастары ретінде бейбітшілік пен ынтымақ жолын таңдаймыз», – деді шымкенттік ҚСА жетекшісі Нұрсұлтан Дүйсенбаев.

 

Барлық жаңалықтар