• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада 2015 жылдың ақпанында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 11,6 пайызға өсті

Астанада 2015 жылдың ақпанында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 11,6 пайызға өсті

3 Наурыз, 2015 17:34
Халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2015 жылғы ақпанда, негізгі азық-түліктерді тұтынудың ең төменгі мөлшерінен алып есептегенде, өткен аймен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеді, ал 2014 жылғы ақпанмен салыстырғанда 11,6%-ға өсті.

Астана қаласы бойынша 2015 жылғы ақпанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 21880 теңгені құрады, деп хабарлады Астана қаласының статистика департаменті.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға кеткен шығындар үлесі 21,3%-ды, сүт, май өнімдері мен жұмыртқа - 17%-ды, жемістер мен көкөністер - 10,5%-ды, нан мен жарма өнімдері - 9,4%-ды, қант, шай мен қоспалар - 1,8%-ды құрады.

Барлық жаңалықтар