- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда Ұлы Жеңістің 70 жылдығының алауы тұтатылды
Қарағандыда Ұлы Жеңістің 70 жылдығының алауы тұтатылды
Шараға Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері және жас буын өкілдері қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Адамзат тарихындағы алапат соғыста соңғы рет оқ атылған сәтке 70 жыл толды. Бейбіт күнге куәгер кейінгі ұрпақ ардагерлеріміздің ерлігі мен есімін еш ұмытпайды», – деді облыс әкімі Н.Әбдібеков.
«Жеңіс алауы» эстафетасының басталуына пәрмен берді.«Жеңіс алауы» 70 күн бойы облыстың қала және аудандарының көшелері бойымен салтанатты түрде өтетін болады. Эстафета биылғы жылдың 9 мамырында Қарағанды қаласындағы «Мәңгілік алау» мемориалында мәреге жетеді.
Алауды қабылдап алу және ұсыну үшін ҰОС ардагерлерінің, облыстың және аймақтар басшыларының, жас әскери қызметкерлердің, оқушы, студент жастардың лайықты өкілдері қатарынан арнайы топ құрылған.
Сондай-ақ, шара барысында ҰОС ардагерлерінің жастарға арналған «Бейбітшілікті сақтаңдар!» үндеуі оқылды.
Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Пастухов оқыған бұл мәтін арнайы капсулаға салынды. Және Ұлы Жеңістің 100 жылдық мерейтойына дейін сақталуы үшін Қарағанды облысының тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылды.
Қарағанды қаласының үздік шығармашыл топтарының әуенді-сазды бағдарламасына ұласқан мерекелік іс-шарада тарихтан сыр шертетін көріністер де көрсетілді.
-
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
Ұлы Отан соғысы ардагерлерiн әлеуметтiк қолдау шаралары -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді -
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды