- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери байланысшылардың командирлік даярлығы бойынша жиын болып өтті
Әскери байланысшылардың командирлік даярлығы бойынша жиын болып өтті
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бұл жиынға 44793, 36803, 28738 және 35411 әскери бөлімдерінен 12 байланыс маманы қатысты. Жиынның басты мақсаты – командирлердің әдістемелік және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, жеке құраммен тәрбие және идеологиялық жұмыстар жүргізуге үйрету, сондай-ақ кәсіби даярлық пен іс-жүзіндегі дағдыларды жетілдіру.
Жиында арнайы және тактикалық даярлық, барлау даярлығы, моральдық-психологиялық қамтамасыз ету, инженерлік даярлық, РХБҚ, әскери топография және басқа да пәндер бойынша сабақтар өткізілді. Өткізілген жиындардың ерекшелігі кәсіби даярлықты, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру және оны іс жүзінде қолдану мүмкіндігі болып табылады.
Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылы осы әскери бөлімнің базасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы байланыс мамандарымен курстық даярлық өткен болатын. Сабақтарға 80-ге жуық әскери қызметші тартылды, олар топтық және көрнекілік оқу-жаттықтыруларға қатысты. Байланысшылар далалық байланыс торабын өрістетіп, командалық-штабтық машинаның жаңғыртылған жабдығын көрсетті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр