• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына Қарағанды облысы бойынша 24 жоба енеді

2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына Қарағанды облысы бойынша 24 жоба енеді

3 Наурыз, 2015 14:32
ҮИИД бағдарламасы бойынша аймақтық үйлестіру кеңесінде 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы қарастырылып, кеңес отырысына облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков төрағалық етті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Күн тәртібіне шығарылған мәселе бойынша облыстың өнеркәсіп және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Төлеген Игембаев баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, Үкімет бекіткен Индустрияландыру картасын жасақтаудың жаңа тәр­тібіне сәйкес, 2010-2014 жылдары іске қосылған бар­лық жобалар аймақтық Индустрияландыру картасынан автоматты түрде шығарылады.

«Сонымен қатар, орын алған өзгерістерге байланысты Индустрияландыру картасынан екі жобаны алып тастау ұсынылды. Ол – Бұқар жырау ауданындағы «АвтоДорСервис-НС» ЖШС асфальтбетонды зауыттың құрылысы және Шет ау­данындағы «Дарн және Н» шаруа қожалығының 500 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын құру жобасы», - деді ол.

Бүгінгі таңда Индустрияландыру картасында 24 жоба бар. Оның жалпы сомасы 324,8 млрд.теңгені құрайды. Бұл жобалар арқылы 4773 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Бұдан соң, кеңес отырысында бірнеше жобалар талқыланды.

Олардың қатарында, «ҚазЭнергоМаш» корпорациясы ЖШС «Энергетикалық құрал-жабдық шығаратын өндірісті кеңейту» жобасы бар. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы ая­сындағы жобалар да сарапталды.

Барлық жаңалықтар