Қарағанды облысында 2015 жылы 32 млрд теңгеге 770 шақырым жол жөнделеді

4 Наурыз, 2015 08:53
Қарағанды облысында көлік жолындағы қауіпсіздік және оның жөндеу жұмыстарының мәселелері талқыланды.

Автомобиль жолдарының ахуа­­лы туралы жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары бас­қармасының басшысы Абайділ­дә Санаубаров ақпар берді. Оның айтуынша, 2014 жылы облыс бойынша 770 шақырым автожол жөнделген. Биыл республикалық және облыстық маңызы бар 411 шақырым автожол жөнделеді. Бө­лінген қаражат – 32 млрд. теңге. Жолдағы қауіпсіздікті нығайту мақ­сатында, 15 мың жол белгісі ауыстырылған. 330 апатты-қауіпті учаске анықталып, бақылауға ал­ынған, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Сондай-ақ, ішкі істер департа­менті тарапынан жолдағы қауіп­сіздікті күшейту мақсатында қо­сымша мобильді экипаждар ұй­ым­дастырылған.

Ал, өңірдің еңбек нарығына сырттан келетін жұмысшыларды ме­дициналық тексерістен өткізу туралы облыстың денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев ақпарат берді. Былтырғы жылдың өзінде біздің өңірге шет елдерден 43386 адам нәпақасын табу үшін табан тіреген.

Жиын қорытындысы бойынша, облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков тиісті тапсырмалар жүктеді.

Барлық жаңалықтар