- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Ақтөбе облысында 547 млрд теңгенің 74 нысаны пайдалануға берілді
ИИДМБ: Ақтөбе облысында 547 млрд теңгенің 74 нысаны пайдалануға берілді
Соның ішінде 2014 жылы өңдеу өнеркәсібіне жататын 220,5 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылды.Жалпы облыстың индустрияландыру картасына 691,1 млрд. теңгенің құрылыс кезеңінде 10,7 мың жұмыс орындарының ашылуымен және пайдалануға беру кезеңінде 11,8 мың жұмыс орындарының ашылуымен 83 инвестициялық жоба қосылды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
2014 жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Үшінші Жаңажол газөңдеу зауытының 2-ші кезегі, «Ақтөбе жылыжай» ЖШС жылыжай кешені, «Казтеплоэнергомонтаж» ТС фитингтер, бұрмалау, жалғамалы және үйреншікті жиынтықтаушы бұйымдар өндірісі бойынша зауыты, «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС рельсарқалық зауытының құрылыстары аяқталды.
Бағдарламаның жүзеге асырылу кезеңінен бастап өнеркәсіп өндірісінің өнімі 2008 жылмен салыстырғанда 32,9% өсті, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2008 жылға қарағанда 35,9% артып отыр, соның ішінде 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2014 жылы 14% өсті.
ҮИИД МБ аясында іске қосылған жаңа инвестициялық жобалардың үлесі өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде 2014 жылы 15% немесе 181,8 млрд. теңгені құрады.
2014 жылы өндеу өнеркәсібі саласының үлесі өңірдің өнеркәсіптің жалпы құрылымында 2013 жылға қарағанда 2,7%-ға өсті.
2015 жылы өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу саласы 25-27% жеткізілетін болады, «Қазхром» ТҰК» АҚ жаңа ферроқорытпа зауыты, «АРАЗ» ЖШС рельс-арқалық зауыты, «KazCopper» ЖШС катодты мыс шығаратын зауының іске қосылуы және басқа да бірқатар өнеркәсіп нысандарының жоспарлық қуаттылыққа шығуы арқасында еңбек өнімділігі 40 мың АҚШ долларына жетеді.
2015 жылы 15,0 млрд. теңгеге 720 жұмыс орындарының ашылуымен 10 инвестциялық жобаны іске қосу жоспарлануда
Кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласы индустриялдық аймақ инфрақұрылымының құрылысы аяқталады.
Индустриялдық аймақтар Алға, Хромтау және Мұғалжар аудандарында құрылатын болады.
Аймақ экономикасының алдағы дамуына, облыстың сауда-экономикалық дамуы үшін кең мүмкіндіктерін ұсынатын тауарлар, қызметтер мен капиталдың жалпы нарығы бар, жаңадан құрылған Еуразиялық экономикалық одақ жақсы мүмкіндіктер береді.Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы аймақ кәсіпорындарының тікелей кооперацияаралық байланыстарын нығайтады. Тек ғана соңғы үш жылдың ішінде Ресей капиталының қатысуы бар кәсіпорындар саны 28,0%-ға артты (2010 ж.- 250 бірлік, 2013 ж. – 320 бірлік).
Осылайша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, экономиканың көптеген секторлары үшін қызметтің бірыңғай нарығы қызмет етеді, оның басты мақсаты ЕАЭО елдер-мүшелердегі бизнес субъектілері үшін тосқауылдарды жою болып табылады, мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай нарығы құрылады, оларға үш елдің кәсіпкерлері бірдей шарттарда рұқсат алады, еңбек қызмет етуді іске асыру үшін, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлігіндегі ұлттық тәртібіне (мектепке дейінгі және орта білімге, медициналық қызмет көрсетуге және т.б. тікелей рұқсат алу) рұқсат алудың күші жойылды.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі