• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау өңірінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған тағы бір орталық ашылды

Атырау өңірінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған тағы бір орталық ашылды

3 Наурыз, 2015 18:06
Атырау облысында кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған екінші орталық ашылды, деп хабарлайды ҰКП.

Енді кәсіпкерлікті қолдау орталығының «жалғыз терезе» қағидаты арқылы халыққа көрсететін қызметін Атырау облысы Мақат ауданының тұрғындары пайдалана алады. «Аталмыш орталық облыс бойынша екінші болып есептеледі. Кәсіпкерлікті қолдауға бағыттталған бірінші орталық Индер ауданынан ашылған болатын», делінген хабарламада.

Айта кететін мәселе кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған орталықтар ашудағы мақсат өз ісін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер мен ісі жүріп тұрған бизнесмендерге толыққанды көмек көрсететін аудандық және облыстық деңгейдегі инфрақұрылымдарды қалыптастыру болып табылады.

Осы орталықтардың бірінде кәсіпкерлерге заңдық көмек көрсетілсе, екіншісінен кәсіпкерлерге  мемлекет тарапынан жасалып отырған  қолдаулар, банк қызметі, техникалық шарттарды ресімдеу сияқты шаралар туралы білуге болады.  Келесі айдан бастап, Атыраудағы орталықта тағыз екі маман қызмет көрсетеді.

Олар салық және кеден саласының мамандары. Атырау облысының Жылыой ауданында кәсіпкерлікке қолдау көрсететін тағы бір орталық іске қосылады деп күтілуде. 

Барлық жаңалықтар