• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еуропа Қазақстанның саяси маңызды және сауда-экономикалық серіктесі - Ыдырысов

Еуропа Қазақстанның саяси маңызды және сауда-экономикалық серіктесі - Ыдырысов

3 Наурыз, 2015 09:53
Қазақстан мен Бенилюкс елдері ресми делегациялар мен реадмиссия үшін визалық режимді алып тастау туралы келісім жасады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

«Брюссельде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Белгияның Баспана және көші-қон мәселелері бойынша мемлекеттік хатшысы Тео Франкен, Белгиядағы Люксембург Елшісі Жан-Жак Велфринг, Бельгиядағы Нидерланды Елшісі Ян Юриан Схувер  дипломатиялық төлқұжат пен реадмиссиясы барларға визалық талаптарды алып тастау туралы келісімге қол қойды», - делінген хабарламада. 

Келісімге қол қою шарасында ҚР СІМ басшысы атап өткендей, Еуропа Қазақстанның маңызды саяси және сауда-экономикалық серіктесі. «Біз заң мен тәртіпті сақтау жолында жаңа мүмкіндіктерді ашатын құжатқа қол қойғанымыз үшін қуаныштымыз.  Біз заңның басымдылығына үлкен көңіл бөлеміз», - деп мәлімдеді ол.   

Т. Франкенде өз тарапынан аталмыш келісімге қол қойғанын атап өтіп, аталмыш елдерде қазақстандықтарға әрдайым қуанышты екенін және Қазақстанмен серіктестікті одан ары нығайтуға мүдделі екенін ескертті.

Барлық жаңалықтар