• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президентінің Іс басшысы Абай Бисембаев ҚР ПІБ-ның жұмысын оң бағалап, 2014 жылды қорытындылады

ҚР Президентінің Іс басшысы Абай Бисембаев ҚР ПІБ-ның жұмысын оң бағалап, 2014 жылды қорытындылады

3 Наурыз, 2015 09:36
Оның айтуынша, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының өкілдері (ҚР ПІБ) өндірістік және қаржы ресурстарын үнемдеп, жаңа технологияларды қолға енгізуді жалғастырды.

Ведомствоға қарасты ұйымдардың штат құрылымы соңғы 2 жылда 1 мың 401 адамға оңтайландырылды. Қызмет көрсетілетін ғимараттардың көлемінің ұлғаюына қарамастан, әкімшілік ғимараттың әр шаршы метріне жұмсалатын қаржы көлемі қысқарып,  ISO 50001 энергияүнемдеу халықаралық стандарттары мен энергоаудит жүйесін енгізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде соңғы 4 жылда электр энергиясын пайдалану 22 пайызға кеміп, ал суды тұтыну көлемі 29 пайызға азайды.      

Сондай-ақ басқарма өкілдерінің мәліметтерінше, 2014 жылы елімізде сатып алғынған көліктердің 75 пайызы отандық көліктер. Соңғы 2 жылда еліміздегі 240 көлікке GPS жүйесі енгізіліп, өз кезегінде ол көліктердің жол жүру ұзақтығын 5,3 пайызға дейін кеміткен.

«ҚР ПІБ-на қарасты медициналық нысандарда 154 медициналық инновациялық технологиялар енгізілді. Оның ішінде хирургиялық технологиялар 38,4 пайызды, диагностикалық технологиялар 40,6 пайызды, терапиялық технологиялар 21 пайызды құрайды. Медициналық қызметтердің сапасын аккредитациялайтын ұлттық сертификат алынды. Аталмыш құжат  денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды орындауда басымдық береді. Сондай-ақ 5 заманауй технологиялар қолданысқа енгізіліп, солардың негізінде  травмотология, гастроэнтерология, кардиология, сияқты салалардан инновациялық патенттер алуға мүмкіндік туды. 2014 жылы кешенді сауықтыру қызметі 99,9 пайызға орындалды»,-деді ҚР Президентінің Іс басқарушысы.          

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жалпы бюджетті игеру көлемі 99,2 пайызды құрады. 2015 жылы   оңтайландыру шарасы бойынша   бюджет көлемі 2,74 миллиард теңгеге қысқарған. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар