• Басты
  • Жаңалықтар
  • Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында құрылыс саласында 12 мың жұмыс орны ашылды - ҚР ИДМ

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында құрылыс саласында 12 мың жұмыс орны ашылды - ҚР ИДМ

3 Наурыз, 2015 11:15
Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы кезеңінде құрылыс индустриясы саласында және құрылыс материалдарының өндірісінде 179 жаңа өндіріс ошағы және 12 мың жұмыс орыны ашылды: (2010 жылы – 27 жоба, 2011 жылы – 39 жоба, 2012 жылы – 36 жоба, 2013 жылы – 40 жоба, 2014 – 37 жоба).

Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, іске асырылған ең ірілерінің арасында:  5 цемент зауыты («құрғақ тәсілмен» өндіру), жалпы қуаты - 4,7 млн. тонна («Қазақцемент» ЖШС, ТОО «Жамбылская цемент өндірістік  компаниясы» ЖШС, «СтандартЦемент» АК, «Каспий цемент» ЖШС, «ACIG» ЖШС). Сонымен бірге «Қарцемент» АҚ жаңа технологиялық желісі.13 үй құрылысы комбинаты, жалпы қуаты 1 142,0 мың шаршы м, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан (2), Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Астана қаласында.

Степногорск қаласында сумен қамтамасыз ету, канализация және газ бөліп-тарату үшін полимер құбырларын шығаратын қуаты 20 мың тонна жаңа зауыт.  

Бес жылдың ішінде елімізде қазақстанда бұған дейін өндірісі болмағаған құрылыс материалдарының жаңа өнімдерін шығару жолға қойылды. Олар: метал-қыш («Тәуекел» ЖШС), профили для окон и дверей из ПВХ-ден терезе және есіктердің пішіндері («FunkeKunststoffe» ЖШС), энергия үнемдегіш шыныпакетер  («Казстройстекло» ЖШС), полимер-композиттік материалдардан санитарлық-техникалық бұйымдар («Тенуса» ЖШС), шыны-талшықты композитті пішіндер (KompozitProfil).

Индустрияландыру картасы аясында ашылған кәсіпорындардың 2014 жылы  отандық құрылыс материалдарын шығарудағы жалпы көлеміндегі үлесі  - 114,5 млрд. теңге болды. Олардың жалпы шығарылған өнімінің жалпы өндіріс көлемінің үлесі 27% болды.

Бес жылда цемент өндірісінің жалпы шығарылу көлемі 68%-ға өсті (2010 жылғы 4,7 млн. тоннадан 2014 жылы 7,9 млн. тоннаға дейін). Бетоннан жасалған бұйымдар көлемі 6,8 есеге артты (900 мың тоннадан 6,2 млн. тоннаға дейін. Жылу изоляциялайтын материалдарын шығару 2,5 есеге дейін артты (24,4 тыс. тоннадан 60,4 мың  тоннаға дейін. Пластмасса құбырларын шығарудың жалпы көлемі 1,3 есеге артты (2010 жылғы 85,3 мың тоннадан 2014 жылғы 113,1 тыс. тоннаға дейін).

 

Барлық жаңалықтар