- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президентінің кітабы алғаш рет латыш тілінде жарық көрді
Қазақстан Президентінің кітабы алғаш рет латыш тілінде жарық көрді
Қазақстан Президентінің кітабы үстіміздегі жылдың 27 ақпаны мен 1 наурызында Балтық елдеріндегі ең үлкен «Кипсала»көрме орталығында өткізілген «Кітап-2015» атты кітаптар мен басылымдар халықаралық көрменің ашылу салтанатында таныстырылды.
Танымал латыш саясаткерлері: журналистер одағының президенті Юрис Пайдерс, теле- және радио тарату қауымдастығының басшысы Гунта Лидака аталмыш кітапта қазіргі кезеңде адамзатты толғандыратын ауқымды мәселелер көтерілгендігін атап өтті. G-GLOBAL қазақстандық бастамасы бұл бүкіл әлемнің ғалымдары, дарынды жастарды, медиа өкілдері, қоғамдық және бизнес құрылымдарды тарту арқылы әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыстан шығудың тиімді жолдарын іздеу болып табылады.
Сарапшылардың айтуынша, кітап 2013 жылы жазылса да, автор бүгінгі күнгі ғаламдық оқиғалар мен экономика және халықаралық саясаттағы айтулы өзгерістерді болжай білген. Жан-жақты талдау, ішкі, сондай-ақ, ғаламдық үдерістерді терең түсінуі арқасында кітапты саясаткерлер мен сарапшылар ортасында ғана емес, сонымен қатар, қалың оқырмандардың арасында да танымал етеді. Кітапта көтерілген мәселелер бүгінгі күні де аса өзекті болып отыр, оған қоса, аталмыш еңбектің қазіргі таңда өмірлік мән-маңызы зор. Бұл қазақстандық көшбасшы саясатының көрегенділігін дәлелдей түседі.
Латвияның Еуроодақ кеңесіндегі төрағалығы жылы өткен кітаптың тұсаукесері екі мемлекет үшінде аса маңызды оқиғаға айналды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»