Ақтауда қала күніне орай зәкір мен маяк монументі ашылды

5 Қазан, 2013 12:49
50 жылдық мерей той қарсаңында Ақтау теңіз порты жағалауында ескерткіш қойылды, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.

Орнатылған маяк Ақтау қаласының көрнекті белгісі болуы керек, дейді мерекені ұйымдастырушылар.

«Зәкір мен маяк композициясы қалалықтардың ең сүйікті орындарының біріне айналады. Қаланың келбетін келтіреді. Және жастар да осы жерге келіп ескерткіш суретке түседі», - дейді АХСТП РМК директоры Берік Уандықов.

Ресми шарадан кейін монументтің ашылуына теңіз порты басшылығы мен облыс әкіміорынбасары, «Нұр Отан» партиясы өкілдері және жұмыскерлер мен ардагерлерқатысуымен жағалауда концерт ұйымдастырылды. 

 

Барлық жаңалықтар