- Басты
- Жаңалықтар
- Иран әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы теңіз саласында Қазақстан ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті
Иран әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы теңіз саласында Қазақстан ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті
Иран делегациясы ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері және ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің басшылығымен кездесті.
Делегация басшысы Иран Стартегиялық Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Хабиболла Сайяри өз кезегінде көрсетілген қонақжайлылық үшін алғысын білдіре отырып: «Біздің елдеріміз – өз аймақтарының беделді және күшті мемлекеттері. Қазақстан мен Иран Каспий теңізі бойынша көршілес жатқан елдер. Еліміздің ынтымақтастығы ерекше маңызға ие. Біз өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, теңіз істерінің түрлі салаларындағы ынтымақтастыққа мүдделіміз. Олар оқыту және студенттерді, тыңдаушылар мен оқытушыларды алмасу, әскери техниканы шығару және жөндеу, бірлескен тәжірибе сабақтарын өткізу және басқалары» екенін атап өтті.
Іссапар 6 наурызға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде Иран қорғаныс ведомствасының өкілдері «Қазахстан Инжиниринг» акционерлік қоғамында болып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары алдында дәріс оқыды.
Бұдан кейін ирандық делегация Ақтау қаласындағы 29011 ә/б болып, онда ҚР Әскери-теңіз күштерінің зымырандық-артиллериялық кемесіне барады, сондай-ақ 25744 ә/б оқу-жаттықтыру орталығын аралайды. 2013 жылғы 28-31 қазан аралығындағы ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов Иран Ислам Республикасына іссапарға барғанын, Хомейни атындағы Әскери-теңіз университетінде және Бендер-Аббас портында болғанын атап өткен жөн.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады