- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта 2015-2017 жылдардағы республикалық бюджетке енгізілетін өзгерістер қаралды
Сенатта 2015-2017 жылдардағы республикалық бюджетке енгізілетін өзгерістер қаралды
Жалпы, Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық нақтыланған болжамы 2014 жылғы экономика салалары дамуының алдын-ала деректерін және негізгі экспорттық тауарлардың бағалары бойынша әлемдік тауар нарықтарындағы ағымды ахуалын ескере отырып қалыптастырылды.
«ЖІӨ өсуі 2015 жылы 1,5% деңгейінде бағаланды, бұл қарашадағы нақтылаудан 3,3 п.т. төмен. Осыны негізге ала отырып, 2015 жылы номиналды ЖІӨ 41 307,6 млрд. теңге көлемінде болжануда, бұл 2019 жылға қарай 59 869,9 млрд. теңгеге дейін ұлғаюмен бірге қарашада нақтыланған көрсеткішке қатысты 2 413,7 млрд. теңгеге төмен», - делінген хабарламада.
Осы ретте, жағымды өсу көрсеткіштері ауыл шаруашылығында (2,7%), құрылыс (2,0%), көлік (3,5%), сауда (2,8%), ақпарат пен байланыс (3,0%) салаларында байқалды.
Республикалық бюджетке түсім 2015 жылы 5 988,0 млрд теңге көлемінде белгіленді, яғни бұған дейін бекітілген бюджеттен (6 858,0 млрд теңге) 870,0 млрд теңгеге төмендеді.
2015 жылғы республикалық бюджеттің шығыны 7 244,5 млрд теңгені құрайды, яғни бұған дейін бекітілген көлемнен 610,7 млрд теңгеге аз.
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері