- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитетінде заң жобалары қаралды
Сенат комитетінде заң жобалары қаралды
Хаттамаға 2014 жылғы 29 мамырда Астана қаласында қол қойылды. Құжатқа сәйкес 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылу мерзімі 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды, егер осы Келісімнің бастапқы қолданылу мерзімі өткенге дейін кемінде 6 ай бұрын Тараптардың ешқайсысы оның қолданылуын өзінің тоқтату ниеті туралы екінші Тарапты хабардар етпесе, осы мерзім аяқталғаннан кейін ол автоматты түрде 5 жылға ұзартылады, деп хабарлады Сенат.
Комитет «Халықаралық әуе тасымалдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын да қарады.
1999 жылғы 28 мамырда Монеральда жасалған Халықаралық әуе тасымалдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенцияның мақсаты азаматтық авиация саласындағы халықаралық құқық стандарттарын енгізу болып табылады.
Монреаль конвенциясы халықаралық авиатасымалдарда жолаушыларды қорғау дәрежесін жоғарылатады және жолаушылардың мүдделерін тасымалдаушылардың мүдделерінен жоғары қояды. Сондай-ақ бұл конвенция жүкті жоғалтқан кезде өтемақылар мөлшерін айтарлықтай ұлғайтады және рейс өзгертілген немесе кідіртілген жағдайда өтемақылар енгізеді, бұл Варшава конвенциясында көзделмеген.
Монреаль конвенциясының ратификацияланбауы қазақстандық авиатасымалдаушыларға Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы аясында іске асырылатын әртүрлі жобаларға қатысуға кедергі болады. Оның қабылдануы авиатасымалдаушылардың жауапкершілігін жоғарылатуға ықпал ететін болады және осы саладағы қазақстандық заңнаманы батыс елдерінің заңнамасымен үйлестіреді.
Екі заң жобасы да Палатаның қарауына жіберілді.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам»