- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғын үйдің 50% жас отбасыларға үйлестіріледі
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғын үйдің 50% жас отбасыларға үйлестіріледі

«Әлеуметтік жалға беру үйлерді бөлу барысында көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандарға, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкрелер, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне басымдылық беріледі. Осы ретте, баспананың 50% кемінде үш жыл некеде тұрған, балалары бар жас отбасыларға үйлестіріледі. Айта кетерлік жайт, ерлі-зайыптылардың екеуі де 35 жасқа толмаған болуы тиіс», - деп мәлімдеді ол.
Сонымен қатар, Сағынтаев толықтырып өткендей, тұрғын үй коммуналдық қордан тұрғын үй алуға 300-мыңнан астам адам кезекте тұр. «Оның ішінде 130 мыңнан астамы – әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендер санатынан, 124 мың адамы - бюджеттіктер мен мемлекеттік қызметкерлер және 44 мыңы жетім балалар. Және бұл кезек болашақта одан ары ұлғая береді», - деп түсіндірді ол.
Сонымен, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 29 мың пәтерді салушылардан сатып алу және салу жоспарлануда. Олардың ішінде 60%-ға жуық жалға берілетін үйлер Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында және 40% облыс орталықтарында, моноқалаларда пайдаланылуға беріледі.
«Елбасының тапсырмасы аясында аймақтарды дамыту бағдарламасы қайта қаралып, сәйкесінше өзгерістер енгізілген болатын», - деп атап өтті Сағынтаев.
Бұдан басқа, бағдарламаны жүзеге асыру аясында 49 мың жаңа жұмыс орны құрылады, оның 20 мыңы ағымдағы жылы және тағы 650 аталмыш үйлерді пайдалануға берілу барысында жұмыспен қамтылады.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды

