Семейде республикалық «Жас Ұлан» әскери-патриоттық жарысы өтті

5 Қазан, 2013 12:36
«Шығыс» аймақтық командирлік іс атқаруымен бірге 1-інші республикалық «Жас Ұлан» әскери-патриоттық жарыс өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жас Ұлан» жарысына өңір мектептері мен Алматы, Павлодар қалаларынан 19 команда қатысты.

«Жарыс барысында жоғарғы сыныптар түрлі әскери-қолданбалы спорт түрлері мен ойын түрлері бойынша сынға түсті. Жарыс бағдарламасында науқасты алып шығу,кедергілерден өту, командалық эстафета, шартты түрде миналанған аймақтар, автоматты шашу мен жинау, сапқа тұру кезеңдері қамтылды. Ойын барысы әскери шарттарға барынша жақын болды», - делінген хабарламада. 

Айта кету керек, «Жас Ұлан» әскери-патриоттық ойыны бұрынғы «Зарница» ойыны негізінде жасалған. Алайда ұйымлдастырушылар ойынға жаңа бағдарламалар енгізген. Аталмыш шараның өткізілуіне «Шығыс» амақтық командирлік іс атқару әскерилері мен офицерлері үлкен қолдау көрсетті.

«Жастарға бұл әскер-патриоттық ойын өте қатты ұнады. Бұл жерде жастар өздерінің шыдамдығын сынап, рухын шыңдап, қиындықты жеңіп үйренеді»,- дейді қазылар алқасының мүшесі запастағы генерал-мойор Александр Мартынов.

Ойын Шоқан Уәлиханов атындағы ерлер лицей-интернаты базасында өтті.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар