- Басты
- Жаңалықтар
- Елорданың 3 мың тұрғыны «Бұрқасын-2015» шаңғы мерекесіне қатысты (Фото)
Елорданың 3 мың тұрғыны «Бұрқасын-2015» шаңғы мерекесіне қатысты (Фото)
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және ҚР Конституциясының 20 жылдығына орайластырылған жарыс Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға 3000 астам елордалық қатысты. Соның ішінде мектеп оқушылары, студенттер, оқу орындарының ұстаздары, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының және елордадағы мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, қоғам өкілдері, сондай-ақ, қала қонақтары қатысты.
«Бұл Астана үшін өте маңызды күн. Осы қала әкімдігі мен Спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен шаңғы тебу ұйымдастырылды. Өте тамаша. Жарысқа үш мыңға жуық адам қатысты. Өзім де қатыстым. Зейнеткерлер де, жастар да бар екен», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов.
«Бұрқасын-2015» - бұл отбасылық және корпоративтік демалыстың үздік түрлерінің бірі. Дәстүрге айналған бұқаралық спорт мерекесі биыл 13-ші рет өткізіледі.
Жарыс бағдарламасына ерлер, әйелдер, жігіттер, қыздар, балалар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жарыстар енген. Дәстүрлі шаңғы жарысының жеңімпаздары естелік жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр