- Басты
- Жаңалықтар
- Таиланд Қазақстанға тай туристері ағымын ұлғайтуға қызығушылық танытуда – ҚР СІМ
Таиланд Қазақстанға тай туристері ағымын ұлғайтуға қызығушылық танытуда – ҚР СІМ
Халықаралық туристік жәрмеңке-көрме Таиландтағы ірі туристік іс-шаралардың бірі болып табылады. Көрмеге ұлттық және аймақтық туристік компаниялар, беделді қонақүйлер, әуе агенттіктер мен баспасөз өкілдері қатысты. Аталған көрмеге 800 мыңнан астам адам қатысады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Қазақстандық павильонмен танысу барысында Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марат Есенбаевтың Таиланд Туризм және спорт министрі Кобкарн Суриясат Ваттанаврангкулмен кездесуі орын алды.
Тай министрі Алматы-Бангкок бағдарына қосымша жаңа Астана-Бангкок бағытының ашылуы және осыған байланысты Таиландқа келетін қазақстандық туристер санының артуын қолдады. 2014 жылы Таиландқа 70 мыңнан астам қазақстандықтар барған.
Сонымен қатар, министр Қазақстан тай азаматтары үшін тартымды бағыт болып табылатынын атап өтті. Осы мақсатта Таиланд туризм саласындағы қазақстандық-тай ынтымақтастығының әрі қарай дамуына мүдделі.
Оның пікірі бойынша, Таиланд үшін визалық режимнің жеңілдетілуі Қазақстанға тай туристері ағымының өсуіне мүмкіндік береді. Министр мысал ретінде Таиландтың Жапония, Ресей, Түркия, Сингапур, Бахрейн, Брунеймен қолданыстағы визасыз режимін келтіріп, визалық талаптар жеңілдетілгеннен кейін тай туристерінің аталған елдерге сапары 5-6 есеге өскенін атап өтті.
Тай туристік агенттіктері қауымдастығының президенті Супарерк Соорангура Бангкокта өтіп жатқан Халықаралық туристік жәрмеңке-көрме мыңдаған шетел туристерінің ағымын Қазақстанға тартуға мүмкіндік береді деп өз пікірін білдірді.
Таиланд Туризм және спорт министрі Кобкарн Суриясат Ваттанаврангкул және ресми тұлғалардың қатысуымен өткен ресми ашылуда Қазақстандық би ұжымы өнер көрсетіп, ел туралы бейне роликтер көрсетілді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз