• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмолалық ауылдық мектепке спорттық жаттығу құралдарын сатып алуға облыстық бюджеттен 4 млн теңге бөлінді

Ақмолалық ауылдық мектепке спорттық жаттығу құралдарын сатып алуға облыстық бюджеттен 4 млн теңге бөлінді

1 Наурыз, 2015 12:07

Спорттық жаттығу құралдары Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылының И. Құтпанұлы атындағы мектептің спорт залы үшін сатып алынды. Мектептің спорт залы кең, жаттығулар жасау үшін ыңғайлы, алайда жаттығу құралдары некен саяқ.

Бүгінде бұл мектеп үлкен сыйлық алды. Мектепке 72 шаңғы мен 22 конькидің жұбы берілді. Бұдан басқа 5 теннис үстелі, 10 дана шахмат жиынтығы, футбол, валейбол, баскетбол доптары мен т.б. берілді.

Мұның барлығы оқушыларға белсенді спортпен айналысуға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар