- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚМ-нің әскери қызметшілері шаңғы спортынан Президенттік тест тапсырды
ҚР ҚМ-нің әскери қызметшілері шаңғы спортынан Президенттік тест тапсырды
Әскери ведомствоның түрлі құрылымдық бөлімшелерінен Қорғаныс министрлігінің құрама командасына 200-ден аса адам кірді. Офицерлер және келісімшарт бойынша әскери қызметші ер азаматтармен бірге Қорғаныс министрлігінің намысы үшін әскери қызметші қыз-келіншектер де қатысты, деп ведомстводан хабарлады.
40 пен 49 жастағы ерлер арасында 3 километр қашықтыққа шаңғымен жүгіруде метрологиялық қызмет өкілі подполковник Дархан Ақанов 10.03. минутта бірінші болып мәре сызығынан өтті. 24 пен 39 жастағы ерлер 5 км қашықтықты бағындыруы керек болатын. Бұл жүгіруде Оқ-дәрілер бас басқармасының офицері Сергей Прохоров 15 минут 10 секундта қашықтықты бағындырып, шаңғы жарысынан үздік шықты. Әскери қызметші қыз-келіншектеріміз де тамаша нәтижелер көрсетті.
«Атап айтсақ, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі өкілдерінің көпшілігі бекітілген нормативтен айтарлықтай жоғары нәтижелер көрсетті. Мысалы, 5 км қашықтықты бағындыру жас ер азаматтар үшін ұлттық деңгейі – 26 минут болса, біздің жігіттер 15 минутта нәтиже көрсетті. Ал қыздар үшін 3 километрді 19 минутта бағындыру белгіленген, біздің әскери қызметші қыздар бұл қашықтықты 15 минутта бағындырды. Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілердің спорттық тұрғыдағы даярлығы жоғары» - деп қазылар алқасының құрамына енген Шаңғы спорты бойынша ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Старостин атап өтті.
Жас санаттары бойынша жеке есепте үздік шыққан әскери қызметшілер, ерлер арасындағы жас ерекшелігіне қарай 5-топта – подполковник Дархан Ақанов (ҚР ҚМ МҚЕСО), жас ерекшелігіне қарай 4-топта - майор Александр Штерман (14776 ә/б), жас ерекшелігіне қарай 3-топта – майор Сергей Прохоров (ҚР ҚК ОДББ), жас ерекшелігіне қарай 2-топта – аға лейтенант Евгений Ерастов (ҚР ҚК ҚӘББ), жас ерекшелігіне қарай 1-топта – лейтанант Олжас Дулатов (14776 ә/б) бірінші орындарды иеленді. Әскери қызметші қыз-келіншектер арасында 1-орынды капитан Алтын Қадырова (14776ә/б) иеленді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру