Көкшетау тұрғындары «Тарихи автобуспен » қыдырды (ФОТО)

2 Наурыз, 2015 08:34
Көкшетауда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарихи автобус» акциясы өтті, деп хабарлады Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы.

Шараға Көкшетау қаласының «Көкшетау автобус паркі» ЖШС, Ш.Уалиханов атындағы КМУ тарих факультетінің студенттері, жолаушылар, жастар ұйымдарының жетекшілері мен БАҚ қатысты.

Акция шеңберінде қала тұрғындары мен қонақтарына викториналық сұрақтар қойылып, тарихтан сыр шертілді.

Шараның соңына қарай үздіктерге естелік сыйлықтар  пен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «550 жалау» таратылды. 

Барлық жаңалықтар