- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Жүректен жүрекке» акциясы өтті (ФОТО)
Алматы облысында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Жүректен жүрекке» акциясы өтті (ФОТО)
Акцияға арнайы қонақ ретінде ҚР мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков, қала ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі балалар, «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшлері, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
«Бүгінгі шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастардың өмірге деген құштарлығын арттырып, өнерге бейімдеу, ерекше қабілеттілерін көпшілікке таныстырып, сахнаға шығару, - дейді байқауды ұйымдастырған облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері.
Шараға қатысушылар әртүрлі бағытта өнерлерін көрсетіп, облыстың 10 аудан-қалаларынан 40 тан аса үміткер өз бақтарын сынады. 5 кезеңнен өткен байқаудың алғашқы сайысы Талдықорған қаласының №2 орта мектебінде «Спорт – денсаулық кепілі!» атты спорттық кезеңінен басталды. Ал қалған шығармашылық кезеңдер І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында жалғасын тапты.
«Біздің елімізде таланттылар көп. Жастардың өнерін көріп, тәнті болдым. Келешекте осы өнерпаздардың ішінен елге танымал жұлдыздар шығатынына кәміл сенемін. Төрт қабырғаға қарап отырмай, ел арасында жүрсе екен деп ойлаймын. Осындай игі шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр болар еді», - деді қазылар алқасының мүшесі Роза Ақжаркенова.
Байқау қорытындысы бойынша командалық есепте І орынды Алматы облысының нашар еститін және саңырау балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты иеленсе, ІІ орынды «Қазақ» саңыраулар қоғамы, ал ІІІ орын Еңбекшіқазақ ауданының тобына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай және бағалы сыйлықтар табысталды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы