- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Энерго» шығынын оңтайландыру ИИДМБ, «Нұрлы жол», «EXPO-2017» жобаларын жүзеге асыруға әсер етпейді
«Самұрық-Энерго» шығынын оңтайландыру ИИДМБ, «Нұрлы жол», «EXPO-2017» жобаларын жүзеге асыруға әсер етпейді
« «Самұрық-Энерго» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2015 жылғы экономикалық жағдайды ескере отырып, инвестицияға жұмсалатын шығастарды 28 146 млн.теңгеге (немесе 23%-ға) және ағымдағы шығыстарды жалпы сомасы 10 824 млн.теңгеге (немесе 6%-ға) оңтайландыруды жоспарлап отыр. Инвестициялық бағдарламаларды оңтайландыру 2-МҮИИДБ-нің ірі және маңызды бағдарламаларына, «Нұрлы жол» бағдарламасына, «EXPO-2017» нысандарына қатысты емес», - деді А.Сәтқалиев.
Оңтайландыру әлеуметтік тұрақтылық деңгейін қамтамасыз етуге әсерін тигізбейді. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары бойынша 2015 жылы жұмыс орындарының саны сақталатын болады.
Мемлекет басшысының Жолдауындағы мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған кедергісіз орта құру мәселесі бойынша тапсырмаларды орындау үшін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 2014 жылы мүмкіндіктері шектеулі 170 адамды жұмысқа орналастыруға квота белгіленді. Қазіргі кезде 182 адам жұмысқа орналастырылды, олардың 51-і – 2-топтағы мүгедек, 131-ң -3-топтағы мүгедек адамдар.
Сондай-ақ, қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары аясында «Самұрық-Энерго» АҚ осы жылдың 1 ақпанынан бастап Екібастұз 1-МАЭС электр энергиясына босату бағасын төмендету, сондай-ақ Екібастұз 2-МАЭС энергиясын 1 кВт/сағ. 8,65 теңгеге дейін (ҚҚС-ны ескермегенде) азайту туралы шешім қабылдады 2015 жылға бекітілген тариф мөлшері 1 кВт/сағ. 8,8 теңгені (ҚҚС-ны ескермегенде) құрады. Бұл шара электр энергиясының көтерме нарығында ірі электр өндіруші ұйымдардың ұстанымдарын жақсартуға мүмкіндік береді.
Камила Амирова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті