• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматулин Ерболат Досаевтан Салық кодексін әлеуметтік тұрғыдан барынша әділетті етіп қайта түзетуді талап етті

Н.Нығматулин Ерболат Досаевтан Салық кодексін әлеуметтік тұрғыдан барынша әділетті етіп қайта түзетуді талап етті

6 Қазан, 2013 10:36
4 қазан күні Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракцисы отырысына қатысты. Министр Салық кодексіне министрліктің жасаған жобасын депутаттарға қабылдатпақ болды. Министрліктің ұсынған жобасы бойынша, темір тұлпарларға салынатын салықта негізгі салмақ тек қана көлемі 3 мыңнан 4 мың текше см-ге дейінгі көліктерге түссе, дәл осындай жағдай тұрғын үйге де қатысты. Алаңы 150 шаршы метрден асатын пәтерлер мен 300 шаршы метрден асатын жер үйлерге салық көлемін 3 есе коэффициент бойынша жоғарылатылмақ.

Депутаттарды  аталмыш ұсыныс қанағаттандырмады. «Министрліктің берген нұсқасы 2008 жылғы Елбасы жолдауындағы салық салу жүйесінде негізгі ауыртпалық орта тапқа емес, сән-салтанат иелеріне түсу керек. Ол үшін салық салуда жанама әдістер пайдаланылу керек», - деді мәжілісмен.

Ерболат Досаевтың нұсқасы бойынша, заң жобасында негізгі салмақ орта тапқа түсірілген. Ал орта тап кез келген қоғамда тұрақтылықтың кепілі болып табылмақ. Осы тұрғыда Мәжіліс төрағасы Министрдің орта тапты сән-салтанатқа құмар таппен теңестіріп қойғанын айтты:

«Сонда көлемі 4-мың текше см-дан, 5-тен, 6-дан асатын, ерекше санатқа жатқызылатын көліктер қайда? Мысалы, бір жарым миллион еуро тұратын, қозғалтқыш көлемі 6 мың текше см «Мазератти» көлігіне салынатын салық он жыл бұрынғы, көлемі 4 мың текше см «Тойота-Прадомен» бірдей болғаны ма»,-деді Нұрлан Нығматулин. 

Сол секілді жылжымайтын мүлік салығында да бірқатар кемшіліктерді атады Н.Нығматулин: «Министр ұсынған жобаны қарайтын болсақ, 350 шаршы метрлік үй иесі мен 3500 шаршы метрлік үй иесі бірдей салық төлейді. Алайда салық құны үйдің бағасымен сәйкес келуі керек», - деді Мәжіліс төрағасы.

Мәжіліс спикері партиялас әріптестерінің депутаттық ұсынысын жеткізді. Ол жоба бойынша, салық жүйесінде ауыртпалық орта таптан алынып, жоғары тапқа көбірек салмақ түспек. «Темір тұлпарларға салынатын салық түріне қатысты қозғалтқыш көлемі 4 мыңнан, 5 мың текше см-ге дейінгі көліктер үшін салық мөлшерін 130 АЕК  дейін, ал, көлемі 5 мың текше см-ден асатын көліктер үшін салық мөлшерін 200 АЕК дейін өсіруді және қарапайым азаматтарымыздың мүддесіне нұқсан келтірмес үшін жаңа салықтық мөлшерлемелерді 2014 жылдың, 1-ші қаңтарынан бастап сатылып алынатын көліктерге қолдануды ұсынамыз. Яғни, ертеректе сатылып алынған көліктер үшін бұрынғы салық көлемін қалдыру қажет», - деді Нұрлан Нығматулин.

Тұрғын үй салығына қатысты мәжілісмен Министрлікті «механикалық әдістен» бас тартуға шақырды. Керісінше, тұрғын үй салығы оның сапасы мен бағасына қарай салынуы керек. «Бұл сән-салтанатқа салынатын салықтың нақ өзі. Біздің ұстанымымыз анық: қымбат көлік пен үй иелері тиісінше көп салық төлеуі керек», - деді Н.Нығматулин.

 

Барлық жаңалықтар