- Басты
- Жаңалықтар
- Сырдария өзенінде үрмелі тіреуіш тоспа құрылысы бюджет шығынын 7-10 есеге дейін үнемдейді – АШМ
Сырдария өзенінде үрмелі тіреуіш тоспа құрылысы бюджет шығынын 7-10 есеге дейін үнемдейді – АШМ
Құрылыстың іске қосылуы су аз жылдары Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарының ауыл шаруашылығы жерлерін суаруға арналған су тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Сырдария өзенінің бассейні Қырғызстанның таулы аудандарынан бастау алады. Қазақстан мен Өзбекстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету үшін кеңес уақытында Нарын-Сырдария каскадының су қоймалары салынды. Сырдарияның бас жағында (қайнар көзі) Тоқтағұл су қоймасы орналасқан (Қырғызстан). Бүгінгі күні, Тоқтағұл су қоймасы 19,5 млрд. текше метр қуаттылығымен су көлемі 7,3 млрд. текше метрді құрайды. Сәйкесінше Тоқтағұл су қоймасындағы су деңгейінің төмендігі Қазақстан аумағында орналасқан Шардара су қоймасын уақытылы сумен толтырмайды. Мұнымен бірге, жыл сайынғы су тастау арқылы еліміздің оңтүстігіндегі көптеген каналдар су қорын толтырады. Сондықтан, 2015 жылы вегетациялық кезеңінде Қызылорда облысының суармалы жерлері үшін суару суының тапшылығы болжануда.
Шиелі ауданында салынып жатқан үрмелі тіреуіш тоспасы не бары 3 айдың ішінде эксплуатацияға енгізуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялық үлгідегі құрылғы екенін атап өткен жөн. Мәселен, бұрынырақ қолданылған ұқсас бетонды тоспалаушы құрылғылар үш жылға дейін салынатын. Бұдан басқа, алдын ала есеп бойынша жаңа технологияларды қолдану бюджеттік шығынды шамамен 7-10 есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз