- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы Қазақстан мен ЭЫДҰ қарым-қатынасының жоғары деңгейін атап өтті
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қазақстан мен ЭЫДҰ қарым-қатынасының жоғары деңгейін атап өтті
Мемлекеттік хатшы 2015 жылғы 22 қаңтарда Давос қаласында, 2015-2016 жылдарға арналған ЭЫДҰ-Қазақстан арасындағы жеке ынтымақтастық бағдарламаға қол қойылғаны екі-жақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейге жеткендігінің белгісі деп атап өтті. Біз ЭЫДҰ-мен дәл осындай жеке бағдарламаға жеткен алғашқы мемлекетпіз және мұны Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ мүшелері қатарына енуінің алғашқы қадамы деп есептейміз.
Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның ЭЫДҰ-мен өзара белсенді қатынас құруы келешекте осы ұйым мүшелерінің деңгейі мен қалыптарына жетуі стратегиялық мақсатымыз негізінде болғанын айтты. Қазақстан ЭЫДҰ-ның құрамындағы мемлекеттердің тәжірибесін, жаңа әдістер мен инновацияларды, ноу-хауларды толық пайдалануға, ЭЫДҰ-ның сарапшылық әлеуетін еліміздегі экономикалық саясаттың дамуын сараптауға көзделгенін атап өтті.
Өңірдегі алғашқы мемлекет ретінде, Қазақстан ЭЫДҰ-ның Еуропалық Одақ мүшелерімен қатар Еуразиялық бәсекелестікке бейімделу бағдарламасының Орталық-Азиялық бастамасының тең төрағасы болды.
Кездесу барысында білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік интеграция салаларындағы маңызды мәселелер талқыланды.Кездесуде гендерлік теңдікті күшейту мен экономика саласындағы қызметке әйелдердің толық қатысуының арқасында Қазақстанның бәсекелестік қабілетін көтеруге көзделген ЭЫДҰ-ның бастамасы жеке мәселе ретінде талқыланды.
Мемлекеттік хатшы ЭЫДҰ-ның бұл бастамасын қолдап, бағдарламаның орындалуы еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясындағы жоспарланған ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға әйелдердің белсенді қатысуына оң әсер ететінін айтты.
Кездесуге қатысушылар білім, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік саласында гендерлік теңдік нығайту жолындағы кедергілерді зерттеу және жою, гендерлік мәселелер жөніндегі ұлттық статистиканы халықаралық стандарттарға келтіру барысындағы өзара іс-қимылдың жай-күйі мен келешегін кең түрде талқылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары