- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада радиохабар тарату желісін жаңғырту жұмыстары аяқталды
Астанада радиохабар тарату желісін жаңғырту жұмыстары аяқталды
«Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағддарламасында отандық ақпарат құралдарын жаңғырту бағытында нақты мақсат-міндеттер қойылған. Қазтелерадионың хабарлауынша, радиохабар тарату қоғам өкілдерінің рухани дамуына, елдің экономикалық өсіміне әлеуемттік тұрақтылық пен азаматтық қоғам қалыптастыруда зор рөл атқаратын бұқаралық ақпараттың маңызды құралдарының бірі.
«Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор «Қазақтелерадио» акционерлік қоғамы Қазақстанның елордасындағы радиохабар таратуды жетілдіруге бағытталған «Астана» радиохабар тарату мен радиотелевизия стансасын» жаңғыртуды аяқтады»,-делінген хабарламада.
Теле-радио дыбыстарды тарату саласында жаңа құрылғыларды орнату еліміздің елордасының айналасында нашар хабар қабылдайтын аймақтарды жоюға мүмкіндік жасады. Жаңғырту шаралары жүргізілгенге дейін Астана маңында «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» арналары таза ұстайтын 33 елді мекен болған болса, қазірде олардың саны 54-ке жетті. Бұл Астана қаласының маңындағы елді мекендердің 92 пайызы.
«Астана» радиотелевизиялық стансасынан таратылатын белгілердің сапасын арттыру мақсатында «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының өкілдері қабылдап-хабар таратушы құрылғыны оңтайландыру шараларын жүргізіп, цифрлы телерадиохабар тарату жүйесінің мониторингі мен бақылауын ықпалдастыру қажет болды. Бұл шара жөндеу-жаңғырту жұмыстарын жеңілдетіп, пайдаланатын құрылғылардың жұмысын жіті қадағалауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «Астана» хабар тарату желісі 12 қазақстандық радиоарнаны жаңа құрылғылардың көмегімен таратып отыр.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі