- Басты
- Жаңалықтар
- ТжКБ жаңғыртылуына бөлінетін қаржы 3 жыл ішінде 2 есеге өсті – БҒМ
ТжКБ жаңғыртылуына бөлінетін қаржы 3 жыл ішінде 2 есеге өсті – БҒМ
ҚР БҒМ хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаев бастаған Үкімет делегециясы жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Жұмыс сапары барысында кәсіби-техникалық кадрларды даярлау бойынша Ұлттық кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында дуальды білім беру жүйесін енгізу қорытындылары, соның ішінде колледждерді мемлекеттік-жеке серіктестік аясында ірі компаниялардың басқаруына беру мәселесі, кәсіби-техникалық білімі бар кадрларды даярлау жүйесін бірлесе дамыту механизмі бойынша нақты ұсыныстар жасай отырып, еңбек нарығының ағымдағы қажеттіліктері талқыланды.
«Бүгінде меморандум аясында аймақтар мен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Дуальды оқытудың жол картасы іске асырылуда. Соның арқасында қазіргі уақытта дуальды білім беру жүйесімен 3225 кәсіпорын, 280 колледж (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы санынан 34%) және техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алушы жоғары курстың 21 мың студент қамтылған.
Естеріңізге сала кетейік, дуальды оқытуды толықтай енгізу мақсатында Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, сондай-ақ Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға 2014 жылғы сәуір айында қол қойылған болатын.
Сондай-ақ, Министр дуальды білім берудің заңнамалық негізін қамтамасыз ту бойынша қолданылып жатқан шаралар, техникалық-кәсіптік білімді іске асыру мен модернизциялау механизмі туралы айтып берді.
«Техникалық және кәсіптік білімді модернизациялауға соңғы үш жылда бюджеттік қаражат 2 есеге дейін ұлғайды. Жарақтандыруға бөлінген қаражат 6 есеге ұлғайды. Нәтижесінде – колледждердің 1402 оқу-өндірістік шеберханасы мен зертханасы жаңа жабдықтармен жарақтандырылды, ал бұл мемлекеттік колледждердің 40% құрайды» деп атап өтті білім ведомствосының басшысы.
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығының 14 басым саласы бойынша кадр даярлауды қамтамасыз ету, еңбек нарығының талдауы, менеджерлер мен оқытушыларды жаңа жетімомульді бағдарлама бойынша шетелде оқыту, ТжКБ модернизациялау бойынша Дүниежүзілік банк жобалары – кеңес отырысында Министрлік көтерген мәселелердің барлық тізімі емес.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді