- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде ЕАЭК-тің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру мәселесі қаралды
Мәскеуде ЕАЭК-тің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру мәселесі қаралды
Отырысқа Армения, Белоруссия, Қазақстан, Ресей сияқты бірқатар мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволарының және бизнес-қайымдастықтардың өкілдері қатысты. «Консултативті кеңестің мәжілісін ашқан Тайыр Мансұров, ЕАЭК-нің келісімінде энергетикалық саясат бағытындағы мақсат-міндеттері нақты көрсетілген. Онда ортақ электр энергетикалық нарықты қалыптастыру ісін осы уақытта қызмет етіп жатқан электр энергетикалық жүйелерге пара-пар әрі кезең-кезеңімен жүргізу басым бағыт ретінде қарастырылған. Сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің бір-бірінің электроэнергетика саласындағы табиғи монополия субьектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету де басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылады»,-делінген Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарламасында.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаментінің директоры Виктор Мясник мәжіліске қатысушылардың алдына ортақ электроэнегретикалық нарық қалыптастырудың Тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Мәжілісте сондай-ақ ЕЭК-ға қатысушы елдердің атқару комитетінің органындағы кадрлық және құрылымдық өзгерістердің орын алуына байланысты Кеңестің ортақ электроэнергетикалық нарығын қалыптастыру комитетінің жаңартылған құрамы да бекітілді.
Осы ретте айта кету керек ЕАЭК-нің 2014 жылдың 19 мамырындағы келісімінің 81-ші және 104-ші тармақтары кеңеске мүше мемлекеттердің ортақ электроэнергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі Жоғары Еуразиялық Экономикалық Кеңеспен келісілген Тұжырымдамасын 2015 жылдың 1-шілдесіне дейін дайындап, 2016 жылдың 1-ші шілдесіне дейін Тұжырымдама бойынша арнайы бағдарламаны дайындау қажеттігі айтылған.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту