• Басты
  • Қазақстан энергия тиімділігін арттыру жөніндегі халықаралық грантқа ие болады – ҚР ИДМ
27 Ақпан, 2015 15:34

Қазақстан энергия тиімділігін арттыру жөніндегі халықаралық грантқа ие болады – ҚР ИДМ

ҚР Парламент Сенатында Қазақстан және Халықаралық Қалпына келтіру және Даму Банкі (Трасттық қордың бір донорының әкімшілігі ретінде энергиялық тиімділікті арттыру және жастар бірлестіктерін дамыту жөніндегі ) арасындағы «Грант (энергия тиімділігін арттыру жобасы) жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» жоба қолдау тапты.

Қазақстан энергия тиімділігін арттыру жөніндегі  халықаралық грантқа ие болады – ҚР ИДМ | Strategy2050.kz

Қазақстан мен ХРҚКжД Банкі арасындағы энергия тиімділігін арттыру жобасы жөніндегі грант туралы келісімге қол қою жөніндегі ҚР Президентінің жарлығы өткен жылғы маусымда шыққан болатын.  Сол тұста осы Келісімге де қол қойылғантын, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.   

«Бұл құжат бойынша Қазақстанға 21 млн. 763 мың АҚШ доллары  мектептер, бала бақшалар, аурухана және көше нысандарын  жарықтандыруға модернизациялау арқылы энергия тиімділігін арттыру, сонымен бірге мемлекеттік энергетикалық реестрге (МЭР) техникалық көмек көрсету, оның нормативтік-заңнамалық базасын жақсарту, мемлекеттік энергетикалық реестрді автоматтандыру, Астана қаласының ахуалын зерттеу, насихаттау, энергиялық тиімділік орталығын құруға бөлінген», - делінген хабарламада.

Бұл жоба 2017 жылғы 30 маусымға дейін есептелген. Осы уақыт ішінде мемлекеттік, әлеуметтік нысандарды модернизациялау жөніндегі 70 жобаны, сонымен бірге нормативтік-заңнамалық және энергиялық тиімділігінің институциялдық базасын жөніндегі базаны жақсартуды жүзеге асыру жоспарланған.

Энергия тиімділігі саясатын жүзеге асыру Мемлекет басшысының индустрияландыру бағдарламасы аясындағы тапсырмасынан басталған болатын. Жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) 2015 жылға дейін  энергия тиімділігін 10%-ға және 2020 жылға қарай 25%-ға төмендету басталды. Осыған байланысты Үкімет біраз жүйелі шаралар қабылданды және эненгия үнемдеудің негізгі  механизмдері жасалды.

ҚР-ның «және энергия тиімділігі арттыру туралы» Заңы қабылданды, 22 нормативтік құқықтық акт бекітілді, «Энергияны үнемдеу – 2020» Бағдарламасы қабылданды. Энергияны үнемдеудің 16 өңірлік және 5 салалық жоспарлары, сондай-ақ АО «ФНБ «Самұрұқ-Қазына» ҰБҚ» АК-ның  және оның еншілес компанияларының бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Электроэнергетика және энергия үнемдеу институты құрылды. Қажетті кадрларды даярлау үшін еліміздің 5 ЖОО-ында энергия үнемдеу жөніндегі мамандық  ашылды. Энергия үнемдеу жөнінде 7 ғылыми және 18 оқу орталығы, энергия тиімділігін демонстрациялайтын орталықтар ашылды.  Қазірдің өзінде  1 мыңға жуық мамандар даярланды. 

Еліміздің ірі энергия пайдаланушыларының Мемлекеттік энергетикалық реестрі қалыптастырылды. Бұл реестрдің субъекттері ретінде 7 мыңнан астам заңды тұлғалар тіркелді, олар үшін энергия тиімділігін арттыру жөнінде талаптар орнатылды.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды