• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көкшетауда өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында тұрғын үй пайдалануға берілді

Көкшетауда өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында тұрғын үй пайдалануға берілді

28 Ақпан, 2015 11:42
Көкшетауда «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасының аясында 337 пәтерлі тұрғын үйге құжаттар қабылдау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.

Енді кез-келген көкшетаулық арзан бағаға жалдамалы үй алып, оның кейінірек сатып ала алады. Бұл «Қазақстандық несиелік компания» қорының есебінен салуға бағытталған жаңа бағдарламаның арқасында мүмкін болып отыр. Көкшетауда өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасының аясында 337 пәтерлі көпқабатты үйге құжаттар қабылдануда»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Биылғы жылдың екінші тоқсанында пайдалануға берілетін тұрғын үйде көлемі 43,40-тан бастап 48-80-шаршы метрге дейінгі аралықтағы 152 бір бөлмелі, 59,90-нан 74,80-ге дейінгі аралықтағы шаршы метрге дейінгі 151 екі бөлмелі пәтерлер бар. Сондай үш бөлмелі пәтерлердің саны 34. Ал олардың жер көлемі 78,70-тен 88,10-ға шаршы метрге дейінгі аралықта.   

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, жалдамалы пәтерлер бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдардың есебінде көпбалалы отбасы, толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері, бюджеттік мекеме қызметкерлоері сияқты санаттарға жататын азаматтар ие болады.

Барлық жаңалықтар