- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 25 шаруашылық органикалық өндіріспен айналысуда - АШМ
Қазақстанда 25 шаруашылық органикалық өндіріспен айналысуда - АШМ
«Қазақстанның органикалық ауыл шаруашылығы қозғалысы федерациясының мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда органикалық өндіріспен еліміздің Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан сияқты 3 облысында 25 шаруашылық айналысады»,-деді Е.Көшербаев органикалық ауыл шаруашылығын дамытуды қолдау мен Қазақстанның институционалды әлеуетін арттыруға бағытталған семинарда.
Вице-министрдің айтуынша, еліміздегі органикалық ауыл шаруашылығымен айналысатын алқап көлемі 296 гектарды құрап отыр.
«Бүгінгі таңда органикалық шаруашылықты дамытуға кедергі болып отырған басты мәселе арнайы заңнаманың жоқтығы. Арнайы заңнама органикалық шаруашылықтың дамуын ынталандырып, оған халықаралық деңгейде қойлатын талаптардың да талапқа сай болуын қамтамасыз ететін еді»,- дейді Е.Көшербаев.
Оның мәліметтерінше, 2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған егістік көлемі республикада 21,4 миллион гектарды құрады. Ал 2018 жылы еліміздегі егістік алқаптары 22,5 миллион гектарды құрайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан -2050» стратегиясында Мемлекет басшысы еліміздің алдына экологиялық таза өнімдер шығаратын ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер қалыптастыруды міндет етіп қойған болатын.
Камила Амирова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды