• Басты
  • Канада Астанадағы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қызығушылық танытуда
27 Ақпан, 2015 14:48

Канада Астанадағы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қызығушылық танытуда

Қазақстанның Канададағы Елшісі Константин Жигалов Оттавада Канаданың Қауымдар палатасының депутаты – Сыртқы және консулдық істер министрінің Парламенттік хатшысы Дэвид Андерсонмен кездесті.
Канада Астанадағы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қызығушылық танытуда

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, К. Жигалов канадалық парламентарийге 10-11 маусымда Астанада өтетін 5-ші Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне шақыру хатын тапсырды.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан елордасында конгрестерді ұдайы өткізу бойынша Президент Н.Ә. Назарбаев бастамасының күрделі халықаралық ахуал және әлемде діндік негіздегі зорлық-зомбылық оқиғаларының көбеюі жағдайындағы өзектілігін ерекше атап өтті. Осы орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының төзімділік, дінаралық және ұлтаралық келісім принциптерін ілгерілету шеңберіндегі қызметінің маңыздылығы мен сәтті тәжірибесі атап өтілді.

Қазақстандық ұлтаралық және мәдениетаралық келісім үлгісі канадалық саяси және сарапшылық орталарда үлкен қызығушылықпен қабылданады.

Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығына бару және оның басшылығымен келіссөздер өткізу қазақстандық-канадалық дипломатиялық қарым-қатынастар тарихындағы Канада Парламенті делегацияның Қазақстанға 2014 ж. қыркүйектегі тұңғыш сапары бағдарламасының негізгі бөлігінің біріне айналды.

Сондай-ақ, Канаданың ресми өкілдері мәдениет пен діндердің жақындасуы тақырыбына Қазақстанда ұйымдастырылатын іс-шараларға үлкен қызығушылықпен қатысады. Соның ішінде Канаданың дін еркіндігі бойынша Елшісі Эндрю Бенеттің дін мәселелері бойынша халықаралық конференцияға қатысу мақсатында 2013 ж. наурызда Астанаға сапарын, Канаданың бұрынғы Премьер-министрі Жан Кретьеннің 2012 ж. 4-ші Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуын және тағы басқаларды атап өтуге болады. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды