- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысындағы жаңа құс фабрикасы алғашқы 10 мың тонна өнімін өндірді - ҚазАгро (Фото)
Алматы облысындағы жаңа құс фабрикасы алғашқы 10 мың тонна өнімін өндірді - ҚазАгро (Фото)
Алғашқы кезеңдегі жалпы құны 7,4 млрд.теңгені құрайтын жоба «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің құрамындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ.
Жалпы бүгінгі күні Қазақстанның АӨК саласында «ҚазАгро» қаржылық институттары арқылы ет және жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларының құрылысымен байланысты 26 жоба қаржыландырылды, оның жиынтық өнімділігі – 85 мың тонна құс еті және 654,1 млн. жұмыртқа. Жалпы қаржыландыру сомасы – 30,2 млрд.теңге. «ҚазАгроҚаржы» АҚ холдингтің ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуымен байланысты бағдарламаларды жүзеге асырушы оператор болып табылады.
«Сарыбұлақ» ЖШС құс фабрикасының өндірістік қуаттылығы жылына 20 000 тонна құс етін құрайды. Жоба екі кезеңде іске асырылады. Бірінші кезеңді жүзеге асыру барысында балапан асырау қоралары, аналық және балапан өсіру орындары салынды. Бұдан бөлек инкубатор, бройлерлік корпус, сағатына 6 мың тонна қуаттылығы бар сою цехі және сағатына 20 мың тонна өнімділігі бар жем-шөп зауыты бой көтерді. Екінші кезеңді жүзеге асыру шеңберінде жаңа құс бағу орындарын салу арқылы кешенді кеңейту жоспарлануда.
Жобаны қаржыландыру «ҚазАгро» Ұлттық холдингі тарапынан жалғасуда. Кәсіпорындағы бройлер етін өндіруде германиялық технологияларды қолданылады. Құс фабрикасының өнімдері Алматы, Қостанай, Қарағанды, сонымен қатар ОҚО және СҚО нарығына жеткізіледі. Бүгінгі күні «Сарыбұлақ» ЖШС экспорттық бағыттарды ретке келтіруде. Қазақстандық құс фабрикасынан Ресейдің Омск және Новосибирск қалаларына ет өнімдері жылдың басынан жеткізіле бастады.
Дегенмен, компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайларға байланысты күшейген бәсекелестік жағдайында кәсіпорынға жаңа өткізу нарықтарын ашу қажет болып отыр. Компанияның құс фабрикаларында бүгінгі күні 550 адам жұмыспен қамтылған, сонымен қатар кәсіпорын өндіріске түрлі жем түрлерін жеткізетін /бидай, соя, күнбағыс және т.б/ 60-тан астам фермерлік шаруашылықтарды жұмыспен қамтиды.
ҚР АШМ мәліметтеріне сәйкес қазіргі уақытта республикада өндірістік құс шаруашылығымен 56 құс фабрикасы айналысады, оның 37 – жұмыртқа бағытында және 19 бройлер бағытында. Қазақстанда өнідірістік құс шаруашылығы мал шаруашылығы саласындағы едәуір дамыған саланың бірі болып келеді. 2014 жылы барлық санаттағы құс басы 3,0%-ға өсіп, 35 181,9 мың басты құрады, құс фабрикаларындағы құс санының өсуі – 6,5% болып, 22 821,8 мың басты құрады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді