- Басты
- Жаңалықтар
- Аршалы ауданында ЖҚЖК аясында 100-ден астам жұмыс орны ашылды
Аршалы ауданында ЖҚЖК аясында 100-ден астам жұмыс орны ашылды
«Аршалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Гүлзада Жекебаеваның айтуынша, 2014 жылы жұмыспен қамту саласындағы өсім 89,9 пайызды құрады. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға көп.
Сондай-ақ оның сөзінше, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша, 35,3 миллион теңгеге Жастар орталығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша өз ісін ашу мақсатында ауданның 19 тұрғыны 53 миллион теңге көлемінде несие алды.
«Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 46 адам жіберіліп, жастар тәжірибесіне 24, кадрларды қайта дайындауға -7, экскаватор машинисті, тігіп-пішуші, массажист сияқты мамандақтары бойынша 3 адам кәсіби кадрлар дайындауға жіберілді. Ауданда 214 жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар бар. Олардың барлығымен ұжымдық келісімдер жасалды»,-деді мекеме жетекшісі.
Сондай-ақ оның мәліметтері бойынша, 336 мың 400 теңге көлеміндегі атаулы әлеуметтік көмек 2014 жылы ауданның 37 тұрғынына (9 отбасы) берілген. Бүгінгі таңда ауданды 18-ге дейін бала асырап отырған отбасылар саны 95-ті құрайды. Олардың 256 өкілі 2,8 миллион теңге көлемінде мемлекеттен жәрдемақы алады. Бұған қоса 2014 жылдан бастап ауданда «Өрлеу» бағдарламасы үзеге асырылуда. Әлеуметтік келісімдермен (110 мүшесі бар) 28 отбасы қамтылып, 33 адам белсенді жұмыспен қамтылды. Бұл бағыттағы шартты қаржылай көмек құны 2,5 миллион теңгені құрады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды