- Басты
- Жаңалықтар
- Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары парашютпен секірді (Фото)
Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары парашютпен секірді (Фото)
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, курсанттардан 800 метрлік биіктіктен шартты қарсыласының тылына түсу, жинақталып, тактикалық даярлыққа сәйкес стратегиялық нысандарды басып алу іс-қимылдарын орындау талап етілді. Курсанттармен бірге 1 500 метрлік биіктіктен офицерлер мен нұсқаушылар секіріп, «Бүркіт» жаңа парашют жүйесін қолданыста тексеріп көрді.
Осылайша тәжірибе сабақтарына жалпы саны 100-ге жуық адам қатысты. ҚР ҚМ Құрлық әскерлері әскери институты бастығының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Руслан Қабдулинов биіктіктен секіруді орындау барысында барлық ережелер мен тәртіптің сақталуын қадағалады.
Парашютпен секіру десант әскерлері мен арнайы бөлімшелердің әскери қызметшілерін даярлаудың оқу бағдарламасында қарастырылған. Төрт жыл ішінде осы мамандық бойынша әр курсант 24 рет секіреді. ҚР ҚМ Құрлық әскерлерінің әскери институты - Қазақстанның үш жоғарғы әскери оқу орнының бірі, бұл оқу орнында 10-нан аса мамандықтар бойынша ҚР Қарулы Күштері үшін білікті әскери кадрларды даярлау жүзеге асырылады.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Жауынгерлік даярлық: тренажерлардан әскери техникаға -
Тоқаев Мәскеудегі әскери парадқа қатысты -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Мақтааралда ерікті әскерилер марапатталды -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)