- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында «Нұрлы жол» аясында энергетика инфрақұрылымы мен ТКШ-ны дамыту бойынша 20 жоба дайындалды
Ақмола облысында «Нұрлы жол» аясында энергетика инфрақұрылымы мен ТКШ-ны дамыту бойынша 20 жоба дайындалды
«Біз ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық комитетімен және ТКШ-ны жаңғырту орталығымен келісе отырып бірқатар жобалар дайындадық. Біз дайындаған жобалар тізіміне құны 27,4 миллиард теңге болатын жылумен қамтамасыз ететін 8 жоба, сумен қамтамасыз ететін және оны тарататын 12 жоба кірді. Осыған қарай біз жобаларымыздың тізімі негізінде бюджеттік тапсырыс та беріп қойдық»,- деді басқарма жетекшісі.
Сондай-ақ ол сөзінде өздері дайындаған тізімге жылумен қамтамасыз етуге бағытталған ең ірі деген жобалар кіргендігін айтты. Олар: Есіл қаласы мен Шаңтөбе ауылындағы жылу қазандықтары, Красный Яр ауылындағы БМҚ (блокты-модульді қазандық), Көкшетау қаласындағы жылу жүйелері. Аталмыш жобаларды жүзеге асыру барысында 50 километр жылу желісі мен қуаты 69 сағ/Гкал болатын 4 қазандық салынып, қажеттілері қайта жөнделеді. Өз кезегінде бұл шара 12 қуаты аз кішігірім қазандықтарды жауап тастауға мүмкіндік бермек.
«Жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаржы қайтарымы бар несие жүйесі ретінде беріледі. Несие табиғи монополия нысанына 30 жылға және жылына 0,02 пайызбен беріледі»,-деді А.Мартыненко.
«Ақмола медиа орталығының» мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда жобалардың жүзеге асыратын оператор да анықталды. Ол ТҮКШ-н жаңғырту орталығы болады. Сондай-ақ осы уақытта несие беру мәселесі де талқылануда. Бұл ретте әсіресе басымдық шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзееге асырылатын жобаларға берілетіндігін айта кету керек. Оларды жүзеге асыру биылғы 2015 жылдан басталады және бірінші кезекте жылумен қамтамасыз ету бағытындағы жобалар қаралуда.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды