- Басты
- Жаңалықтар
- Жекешелендіру: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 3 нысаны саудаға шығарылды
Жекешелендіру: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 3 нысаны саудаға шығарылды
«Ақтөбе ЖЭО» акционерлік қоғамы өзінің қызметін 2006 жылдың 2 маусымында бастады. Бұл компания электр және жылу энергиясын өндірумен, Ақтөбедегі электр стансалары мен электр желілеріне және подстанцияларға қызмет көрсетумен айналысады. Бүгінгі таңда ондағы қызметкерлер саны 608 адамды құрайды.
«Маңғыстау электр жарығын тарату компаниясы» акционерлік қоғамы Ақтау қаласында орналасқан және ол өз қызметін 1996 жылдың 4-ші қазанында бастады. Кәсіпорынның негізгі бағыты электр энергиясын жеткізу және тарату болып табылады және онда осы уақытта 643 адам қызмет етуде. Бұл кәсіпорынның бағасы 31 миллион 254 мың АҚШ долларын құрап отыр.
«Шығысқазақстандық аймақтық энергетикалық компаниясы» Өскемен қаласында орналасқан. Бұл кәсіпорынның тарихы сонау 1944 жылдардан бастау алады. Ол уақытта «Алтайэнерго» деген кәсіпорын құрылып, соның негізінде «Шығысқазақстандық аймақтық энергетикалық компаниясы» іске қосылды. Бүгінгі таңда аталмыш компанияда 3 мың 49 адам жұмыс істеуде.
Хабарланғандай, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ саудасына қатысу 2015 жылдың 24 сәуіріне дейін болады. «МРЭК» АҚ мен» ВКЭРК» АҚ өтініш осы жылдың 20 наурызына дейін қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы алдын ала жопарланған 64 нысанның 59-ның активтерін саудаға шығарған. Алайда, олардың активтерін жекешелендіру 2016 жылға қалдырылды. Қазіргі таңда құны 24 миллиард теңге болатын 24 компания саудаланды. Бұл компаниялардың алдын ала бағаланған құнынан 1,35 есеге көп.
-
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
ТКШ: 2607 жаңа басқару нысаны құрылды -
Абайдың 175 жылдығына орай монеталар шығарылды -
Дәрілік заттарды өткізушілердің атына 152 хабарлама шығарылды -
Алматы облысында 32 білім нысанында құрылыс және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде -
Қазақстанда 2019 жылы 50 мыңнан аса автокөлік шығарылды -
АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета мен маркалар шығарылды -
Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың аралық қорытындылары шығарылды -
Жекешелендіру: Жарты жылда 39 нысан сатылды -
Алматылық тағы бір бағытқа жаңа автобустар шығарылды -
Қазақстанда 10 мыңнан астам шағын көлемді кемелер мемлекеттік тіркеуден шығарылды -
Қарағанды облысында 6 жаңа жасыл энергетика нысанының құрылысы жоспарланған -
Астанада екі есе өткізуге қабілетті тағы бір нөсерлік кәріз нысаны салынды -
Ескерткіш монеталардың 400-ге жуық түрі шығарылды - Әмірбек Санкубаев (ВИДЕО) -
Қарағанды облысының 19 нысаны еліміздің киелі жерлері тізіміне енді