• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР мен Беларусь Президенттері екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР мен Беларусь Президенттері екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

26 Ақпан, 2015 19:43
Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы мен еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко талқылауды Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттерінің наурыз айына жоспарланған Астанадағы кездесуі барысында жалғастыруға уағдаласты. 

Барлық жаңалықтар