- Басты
- Жаңалықтар
- Кезектен тыс Президент сайлауы Үкіметтің резервінен қаржыландырылады
Кезектен тыс Президент сайлауы Үкіметтің резервінен қаржыландырылады
«Бүгінгідей қиын-қыстау уақытта мемлекет қаржысын мүмкіндігінше үнемді әрі тиімді пайдалану барлық мемлекеттік органдардың алдына қойылып отырған маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан бұл мәселе біз үшін де маңызды. Бүгінгі таңда біз жиһаздар мен компьютерлер алу, кеңсеге қажетті жиһаздар сатып алу сияқты мәселелерден бас тартып отырмыз. Біз көлік шығындарының нормативтерін де қайта қарап, өзге де шығындарды да оңтайландырамыз», - деді ОСК төрағасы.
Сондай-ақ ол сайлау науқанын қаржыландыру мәселесі осы уақытта Үкімет тарапынан талқыланып жатқандығын атап өтті.
«Өкінішке қарай, мен сіздерге қазір нақты қаржы көлемін айта алмаймын. Үкімет бұл мәселені әлі талқылауда. Менің айтатыным, тек бұл қаржы Үкіметтің резервінен алынады. Бірақ сіздер бұл бағытта жұмсалатын қаржы көлемін шамалап болса да болжамдау үшін 2011 жылы жұмсалған қаржы көлемінің 4,4 миллиард теңгеге жеткенін айтқым келеді. Оның 66 пайызы немесе 3 миллиард теңгесі сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақыларына жұмсалды»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.
Сондай-ақ оның айтуынша, осы уақытта елде полиграфия қызметі мен бқаралық ақпарат құралдарының бағалары өсіп кеткен. «Көріп отырғандарыңыздай бағалар өсуде, осыған қарай сайлау науқанына жұмсалатын шығындар да өсуі мүмкін. Бірақ әзірге бұл тек болжам ғана. Ал нақты соманың мөлшерін белгілі болғанда ғана айта аламыз», - деді ОСК басшысы.
Индира Кауметова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді